Материалы за Март 2021 года » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Заманауи мектептегі модернизация мен инновациялық  үрдістерді қолдану" педагогикалық кеңес
26
март
2021
"Заманауи мектептегі модернизация мен инновациялық  үрдістерді
    Бүгін 26.03.2021ж онлайн форматта " Заманауи мектептегі модернизация мен  инновациялық үрдістерді қолдану"   тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Жалпы педагогикалық кеңесте  қашықтықтан оқыту барысында қандай инновациялық үрдістер қолданылды және оқу платформаларының артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы мәселелер қозғалды. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: I . «Заманауи мектептегі модернизация мен инновациялық  үрдістерді қолдану»  Абукадырова М.А.      1) «Ақылды сабақ»
Наурыз мейрамы құтты болсын!
22
март
2021
Наурыз мейрамы құтты болсын!
    Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!   
«Алматының жыл мұғалімі-2021» конкурсы
19
март
2021
«Алматының жыл мұғалімі-2021» конкурсы
   2021 жылдың 19 наурыз күні «Алматының жыл мұғалімі-2021» конкурсының мектепшілік кезеңіне қатысушы бастауыш сынып мұғалімі Есмагамбетова Меруерт Жексенбаевна конкурс қортындысы бойынша жүлделі орынға ие болды. Жалпы конкурстың  мектепшілік кезеңіне    7 мұғалім қатыстырылды. Соның ішінде топты жарып, өз шығармашылығымен қоса, өз шеберлігін көрсете білген Есмагамбетова М.Ж. 1-орынға ие болды.    
«Наурыз –құт береке бастауы»  сынып сағаттар сериясы
19
март
2021
«Наурыз –құт береке бастауы» сынып сағаттар сериясы
   «Наурыз –құт береке бастауы» сынып сағаттар сериясы. 1-11 сыныптар үшін, жетекшілерінің ұйымдастыруымен сынып сағаттраы өткізілді. Мақсаты: Наурыз күнінің маңызын түсіндіріп, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу. Жалпыадамзаттық құндылықтар идеясын жаңғырту. Адам мен табиғат арасындағ үндестікті ұғындыру. Сынып сағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.        
«Қазақстан – достық мекені»
16
март
2021
«Қазақстан – достық мекені»
   Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында мектебіміздің бастауыш сыныптары арасында «Қазақстан – достық мекені» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар тақырыптық суреттерін салып, жұмыстарының идеясын түсіндірді. Көрмеге елуден астам жұмыстар ұсынылды.                 
"Наурыз қызықтары"
16
март
2021
"Наурыз қызықтары"
    "Наурыз қызықтары" тақырында 6 А сынып жетекшісі Қ.О.Сағатбекованың ұйымдастыруымен онлайн зияткерлік-ойыны өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ұлттық мереке-жыл басы Наурызды халқымыз қалай қарсы алғандығын үйретіп,насихаттау.Наурыз мерекесі жөніндегі білген,түйгенін одан әрі толықтыру; ұлттық өнерімізді,ойындарды,салт-дәстүрімізді еркін меңгеріп,шебер орындай білу дағдыларын қалыптастыру; ұлттық салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай,жаңарып,осы заманғы өмірімізге кірігуіне,құрметтеуге тәрбиелеу.