Тәрбие жұмысының қазақ тілімен ұштасуы » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие жұмысының қазақ тілімен ұштасуы
14
март
2014

Тәрбие жұмысының қазақ тілімен ұштасуы

Тақырыбы: «Тәрбие жұмысының қазақ тілімен ұштасуы»

Қазiргi қоғамның дамуының басым бағыттарының бiрi жеткiншектiң тәрбиесi болып табылады. Соған байланысты мемлекет үшiн ерекше өзектiлiк отан сүйгiштiк тәрбие мәселесі . Оқушыларды отан сүйгiштiкке тәрбиелеуде маңызды орын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн қолдануға, насихаттауға арналған жұмыстың орындалуында .

Мектепте оқушыларды азаматшылыққа, отан сүйгіштікке, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздеріне құрметпен қарау және олар жайлы білу мақсатында сынып сағаттары, тарих сабағы, қазақ тілі сабағы және АӘД сабақтары өткізіледі.Мектепте әрқашан арнайы көрінетін орында 1 қабатта тұрақты мемлекеттiк Байрақтың стенді, мемлекеттiк Елтаңбаның стендi, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Әнұранның мәтiнi мемлекеттік тілде орналасқан, мемлекеттiк рәмiздердiң суреттерi бiр деңгейлi орналастырылуы сақталған, сонымен қатар олардың кезектiлiгi де сақталған: Байрақ, Елтаңба, Әнұран. Мектептiң ғимаратында тәулiктiң қараңғы уақытына Мемлекеттiк Байрақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасына жарық түсіп тұруы сақталған.

Тарих кабинетiнде, АӘД кабинетінде, қазақ тiлi кабинеттерi: (№ 301- мұғалiм Г.А.Нұрғожа, № 302 - мұғалiм - А.Р.Жұмабекова № 303- мұғалiм С.С.Алтынбекова, № 304- мұғалiм Ж.К.Берiкбаева, № 305- мұғалiм А.С.Сейсембаева), мектептiң кiтапханасында, бастауыш мектептiң және басқа пән кабинеттерінде мектеп тақтасының сол жағындаға қабырғада мемлекеттiк рәмiздердің бұрышы орналастырған. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздері арнаулы ұлттық, мемлекеттiк мерекелерге арналған шараларды өткiзуде мiндеттi түрде пайдаланады, сонымен қатар басқа салтанатты шараларда да.

Мектепте оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған салтанатты шараларда мемлекеттік Байрақты кіргізу мен шығаруға арналған 10-шы «А» сынып оқушыларынан құралған нышан тобы бар. Әр жетi сайын сейсенбiде жалпы мектеп оқушыларының жиыны өткізіліп тұрады, мектептiң оқушылары түрегелiп тұрып, жүрек тұсына қолын қойып Қазақстан Республикасының әнұранын салтанатты түрде орындайды. Оқушылар күнде қазақ тiлi сабақтарында бiрiншi сабақтың басында, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әнұранды орындайды.

Осыған орай мектебімізде төмендегідей іс- шаралар өткiзiлген: «Ұлы халық рәміздері» дөңгелек үстел, «Ел геральдикасы және Мемлекеттік рәміздер тарихы» «Қазақстан құқықтық мемлекет» кiтап көрмесi, « Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым! » шығармалар конкурсы, « Менің Отаным – Қазақстан » форум (10-11 сынып ), ашық сынып сағаттары : «Тәуелсіздігімнің асыл жаршысы-Мемлекеттік рәміздер» (1-11 сыныптарда).

Оқу жылы алғашқы қоңырау мерекелiк жиынмен және «Қазақстан стратегиясы - 2050» : «Бiр халық - бiр ел - бiр тағдыр» атты 1-шi сынып сағатымен ашылды, 22 қыркүйек мектепте Қазақстан халқы тiлдерiнiң арнаулы күнiне мерекелiк концерт өткізілді, тiлдер күнінiң тойлануы шеңберiндегi жүргiзiлген қазақ тiлi және қазақ әдебиеті бірлестігінің онкүндiгі барысында қазақ, орыс және ағылшын тiлiнiң мұғалiмдерiмен танымдық шаралар жүргiзiлдi. Қазан айында мұғалiмдер күнi, қарттар күні және қала күнiне арнаулы іс-шаралар жүргiзiлдi. Мектептiң фойесiнде Алматы қаласына арналған стенд ресiмделіп, бiздiң мектеп оқушыларының қолөнер көрмесi ұйымдастырылды, 1-11 сыныптарында сынып сағаттары жүргiзiлдi, қазақ және орыс тiлдерiнде «Алматы менің сүйікті қалам» тақырыбында шығарма жарыстары жүргiзiлді, жеңiмпаздар мақтау қағаздармен марапатталды.Экологиялық тәрбие бойыша «Гүлдей бер менiң бақ қалам- Алматы » атты сынып сағаттары жүргiзiлді , ал 10-шы сынып оқушылары - Роза Аманжанова және Ксения Семячко «Балғын жылыжайшы» атты қалалық жарыстарға қатысып жүлделi орындарға ие болды.

Қазақстандық Отансүйгiштiк, саяси мәдениетті қалыптастыруда және белсендi азаматтық позиция тәрбиесiн орнықтыру мақсаттарында келесi іс-шаралар жүргiзiлдi: Адий Шариповтың мұражайында экскурсия, «менiң қалам мен үшiн» шығармалар жарыстары, «ҚР конституциясының 18-жылдығы», ҚР тәуелсiздiгінің 22-жылдығын тойлауына арналған мерекелiк жиын, мектептiң фойесiне «Тәуелсіздік - ел тілегі» ұранымен стенд ресiмделдi, 10.12.2013..-19.12.2013. Мектептiң кiтапханашысы А.К.Маханованың ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты кітап көрмесі өтті, қазақ тілі , орыс тiлiнiң мұғалімдері Сейсембаева, Л.Т.Полтаранинаның ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында шығармалар жарысы, қазақ тiлiнiң мұғалiмдерi С.С.Алтынбекова және Бүркiтбаева Н.М ұйымдастыруымен 2-11 сыныптар арасында «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты мәнерлеп оқу жарысы өтті, 7Б, 6Б сынып жетекшiлерiНұрғожа Г.А. және Сейсембаева А.С ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік сатылары» атты викторина жарысы өткiзiлді, 1-11 сынып жетекшiлерiмен «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи беттері» атты сынып сағаттары. Іс-шаралар мерекелiк концертпен аяқталды.

2013 жылдың 19 –шы желтоқсанында партизан, мемлекет қайраткері, жазушы ғалым А.Шәрiповтың 101-жылдығын атап өттік. Мектепте «Өшпес ерлік» суреттер жарысы, «Ұлы тұлға» қабырға газеттерiнiң жарысы, сынып сағаттары, экскурсия, А.Шәрiповтың шығармаларынан әдеби оқу және1 сынып оқушыларын «шәріповшілер» қатарына салтанатты қабылдану рәсімі өткізілді.

Қыздардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда мектеп ең алдымен қыздардың адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін басты бағытта ұстайды, ол қыз баланың ішкі дүниесінің қалыптасуын, шығармашылық өнерлерін дамытуға, бейімділіктерін, дарындарын ашуға көп септігін тигізеді.Осы жартыжылдықта мектептің басты дәстүрлері сақталып, тәрбие жұмысын қызықты,мазмұнды іс-шаралармен толықтырды. Қыздарымыздың парасатты өмір сүруге құштарлығын арттыру үшін төмендегідей тәрбие сағаттары мен ашық әңгіме, диспуттар өткізіліп тұрады - Сөзің мен ісіңде алшақтық болмасын. Ұлыма ұлағат. Қызға қырық үйден тию. Махаббат, неке, отбасы. Музыка өнері – ұлт өнерінің негізі Сөз мәдениеті- өз мәдениетін емес пе? Перзенттік парыз қалай өтелмек? Ерлік, батылдық, төзімділік.. Жігіт намысы. . Сәнді киіну, таза жүру. . Қазіргі жас және мода. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі. Байлық бақыт па? Ән- көңілдің ажары. Дүние –қызық, бала - бал. көп. Қыз елдің-көркі» бағдарламасы бойынша «Анамның аялы алақаны» атты 5-8 сыныптар аралығында әдеби-көркем оқуы өткізілді.

Педогогикалық ұжым әр қыз баланың тұлға ретінде жан-жақты дамуына жайлы жағдай туғызу үшін оқыту-танымдық қызметке арнайы тәрбие жұмыстарын бөліп отыр.Сабақ кезінде, пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізуде.Бұл тәрбие жұмысында да жалғасын табуда.Пәндік апталықтар мен онкүндіктер өткізу дәстүрге айналды.Осы іс-шаралардың аясында мұғалімдер сыныптан тыс іс-шаралардың әр-түрлі формаларын қолданып: пәндік олимпиадалар, байқаулар, т.б. іс-шаралар өткізіп отырады.

2012-2013 оқу жылында 10А сынып оқушысы Шаева Севиль аудандақ «Ең әдемі ару» байқауына қатысып мақтау қағазымен марапатталды.Аудандық «Абай Шәкәрім» оқуларына 9 А сынып оқушысы Соколенко Анастасия қатысып жүлделі 3-ші орынға ие болды.

11А сынып оқушысы Джекижанова Азиза «Махамбет» оқуларына қатысып -3-ші орынға ие болса, биылғы «Жыр перзенті» Мақатаев оқуына 7Ә сынып оқушысы Байоразова Аружан қатысты.

Мәдени-ағартушылық жұмыстар Абай атындағы опера және балет театры, Ю.Лермонтов ат.орыс драма театры, Ғ.Мүсірепов ат. Балалар мен жасөспірімдер театры,Ә.Қастеев мұражайы,Мемлекеттік мұражай, Орталық көрме ,Филормония концерт залымен тығыз қарым қатынаста жүргізілуде .

Жыл сайын мектебімізде өткізілетін ұстаздар күніне, алғашқы қоңырау, жаңа жылды қарсы алу, Қала күні, Күзгі бал, Этика сабақтары сияқты іс-шаралар оқушылардың этикалық сезімдері мен тәрбиесін қалыптастыра түседі.

Мектеп оқушыларын ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, қоршаған ортаны, әдемілікті бағалауға, жаман қылықтардан аулақ болуға және заңды құрмет тұтатын патриот азамат етіп тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз.

Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөле отырып, ел дәстүрі мен ата-салтына үйрету әр отбасының, сонымен бірге мектептегі ұстаздардың, қоғам алдындағы борышы екенін естен шығармағанымыз жөн. Өз ойымды қорыта келе, Амоношвилидің мынандай сөзімен аяқтағым келеді

Балалармен сұхбаттасқанда оларға қуаныш сыйлауға тырысайық.

Себебі, тәрбие үрдісі баланың жеке тұлғасына деген құрметтен тұруы тиіс



Сыртқы тәртіптік контекстте оқушылар

әдептілік деңгейінің мониторингі

1178;ала бейнесі


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

13 март 2014 История школы