Қоғамдық гуманитарлық пәндер апталығы.
14 ақпанда қоғамдық гуманитарлық пәндер апталығы аясында орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Калиакбаров Жанат Камелович 5«В» сыныбына «Числительное» тақырыбын қортындылау мақсатында «По страницам истории нашей школы» атты ерекше ашық сабақ өткізді.Ашық сабаққа жас мамандар, пән мұғалімдер мен оқу ісінің орынбасарлары қатысты. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану арқылы мұғалім алдына қойған мақсатына жете отырып, оқушыларды мектебіміздің терең тарихымен таныстырып өтті.