”Алмалы ауданында Республика күніне орай “35 жылдыққа – 35 түп ағаш”
Республика күніне 35 жыл толуына орай Алматы қаласы, Алмалы ауданының білім бөлімі аудан көлемінде “35 жылдыққа – 35 түп ағаш” атты экологиялық акция ұйымдастырды. Іс-шара №216 жалпы білім беретін мектеп базасында өткізілді. Акцияға ауданның білім беру ұйымдарының басшылары қатысып, мерекеге орай 35 түп ағаш отырғызды. Бұл бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғаудың маңыздылығын насихаттауға бағытталды. Сондай-ақ, ауданның 150 оқушысынан құралған домбырашылар ансамблі