26
ноябрь
2025
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, суицид деңгейін төмендету және балалардың саламаттылығын қамтамасыз ету
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, суицид деңгейін төмендету және балалардың саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың бірі бүгін 26.11.2025ж Қалалық №5 емхана мамандарымен ұйымдастырылды. Психолог -Турсунбек Сандугаштың қатысуымен 9-11 сынып оқушыларына жан мен тән үйлесімділігі, психологиялық жай-күй туралы сөз қозғалды. Жоғары сынып оқушыларының денсаулықтары мен психологиялық әл-ауқатының маңызы туралы, бұл кезең – болашақ мамандықты таңдау, емтихандар мен жауапкершіліктер көбейетін уақыт, сондықтан стрессті дұрыс басқару өте маңызды екенін айтты. Егер қысым, қобалжу немесе эмоционалдық қиындықтар сезсе, оны ішке жасырып қоймай, жақын адамдарына немесе маманға айту — күштің белгісі деп түсіндірді. Балалардың өз болашақтарын қалыптастырып жатқан ерекше кезеңде екендіктерін айтып, өздеріне күтім жасап, демалыс пен оқуды тең ұстауды ұсынды. Қажет болған жағдайда психологқа жүгіну — дамуларына көмектесетін табиғи, дұрыс қадам екенін айтты. Оқушылар өздеріне қызықты, толғандыратын сауалдарға жауаптар алды.



