«Күзгі асар» жәрмеңкесі
«Күзгі асар» жәрмеңкесі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнына сәйкес ұйымдастырылған ауқымды мерекелік іс-шара болды. Бұл шара «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында өткізілді және оның негізгі мақсаты – оқушыларға еңбекқорлық идеясы арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, өз еңбегінің нәтижесін бағалауға үйрету. Жәрмеңке барысында оқушылар ата-аналарымен бірлесіп, күзгі егін өнімдері мен табиғи материалдарды пайдалана отырып жасаған түрлі қолөнер бұйымдарын ұсынды. Күзгі