Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ноябрь
2025

«Күзгі асар» жәрмеңкесі

«Күзгі асар» жәрмеңкесі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнына сәйкес ұйымдастырылған ауқымды мерекелік іс-шара болды. Бұл шара «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында өткізілді және оның негізгі мақсаты – оқушыларға еңбекқорлық идеясы арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, өз еңбегінің нәтижесін бағалауға үйрету.

Жәрмеңке барысында оқушылар ата-аналарымен бірлесіп, күзгі егін өнімдері мен табиғи материалдарды пайдалана отырып жасаған түрлі қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Күзгі жәрмеңке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар өз еңбектерімен тапқан қаражатты қайырымдылық қорына аударды. Бұл – балалардың мейірімділік, жауапкершілік және ортақ іске үлес қосу сынды құндылықтарды бойына сіңіруіне үлкен мүмкіндік болды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: