«Қыз бала физиологиясындағы өзгерістер, тазалықтың маңызы»
Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназиясында Қалалық №5 емхана мамандарымен бірлесіп 5–8 сынып оқитын қыз балаларға арналған «Қыз бала физиологиясындағы өзгерістер, тазалықтың маңызы» тақырыбында танымдық дәріс сабағы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірім кезеңдегі қыз балалардың ағзасында болатын физиологиялық өзгерістер туралы ғылыми әрі жас ерекшелігіне сай түсінік беру, етеккір кезеңіне дұрыс көзқарас қалыптастыру, жеке бас тазалығының маңызын ұғындыру және өз денсаулығына