21
январь
2026
«Қыз бала физиологиясындағы өзгерістер, тазалықтың маңызы»
Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназиясында Қалалық №5 емхана мамандарымен бірлесіп 5–8 сынып оқитын қыз балаларға арналған «Қыз бала физиологиясындағы өзгерістер, тазалықтың маңызы» тақырыбында танымдық дәріс сабағы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірім кезеңдегі қыз балалардың ағзасында болатын физиологиялық өзгерістер туралы ғылыми әрі жас ерекшелігіне сай түсінік беру, етеккір кезеңіне дұрыс көзқарас қалыптастыру, жеке бас тазалығының маңызын ұғындыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен қатар, қыз балалардың бойының өсуі, терлеудің артуы, теріде болатын өзгерістер сияқты табиғи құбылыстарды дұрыс қабылдауына ықпал ету, гигиеналық күтім дағдыларын қалыптастыру көзделді.
Дәріс барысында Қалалық №5 емханаға қарасты «Жасдәурен» жастар орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері Баймолда Арайлым Оңалбайқызы жасөспірімдік кезеңде қыз балалар ағзасында жүретін өзгерістер, етеккір циклінің басталуы мен оның маңызы, осы кезеңдегі тазалық сақтау ережелері, жеке күтім құралдарын дұрыс пайдалану, бойдың өсуі, терлеу ерекшеліктері және теріде болатын өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат берді.
Маман өз сөзінде етеккір кезеңінде жеке бас гигиенасын сақтамаудың денсаулыққа кері әсері болуы мүмкін екенін атап өтіп, күнделікті тазалық пен дұрыс күтімнің маңызын түсіндірді. Сабақ барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, пайдалы кеңестер ұсынылды.Аталған дәріс сабағы қыз балалардың физиологиялық сауаттылығын арттырып, өз денсаулығын қорғау, тазалық сақтау және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.