«Заң мен тәртіп»
14 қаңтар күні 9–11 сынып оқушылары арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері қатысты:
– Алматы қаласы ПД КҚІҚБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Рахымғали Бексұлтан Бекетұлы;
– Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Досболова Сулушаш Ақылбекқызы;
– Алмалы ауданы ПБ КПБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Талғат Сұлтан Талғатұлы;
– Алмалы ауданы ПБ ҚҚБ ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Симова Меруерт Онласынқызы.
Кездесу барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың заң талаптарын сақтау, есірткі заттарының зияны, киберқылмыстың алдын алу, интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері және құқықтық жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар тақырыпқа сай ақпараттық бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

