Алматы қаласында Дүниежүзілік Инклюзивті білім беру бойынша конгресс
2025 жылдың 15, 16, 17 қазан күндері Алматы қаласында Дүниежүзілік Инклюзивті білім беру бойынша конгресс өтті! Аталған халықаралық деңгейдегі іс-шараға 52 мемлекеттен келген білім беру саласының сарапшылары, ғалымдар, практиктер мен спикерлер қатысты. Конгресс аясында инклюзивті білім берудің заманауи бағыттары, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолжетімді орта қалыптастыру, білім беру жүйесін жетілдіру және халықаралық тәжірибелермен алмасу секілді маңызды мәселелер көтерілді.