18
октябрь
2025
Алматы қаласында Дүниежүзілік Инклюзивті білім беру бойынша конгресс өтті!
2025 жылдың 15, 16, 17 қазан күндері Алматы қаласында Дүниежүзілік Инклюзивті білім беру бойынша конгресс өтті!
Аталған халықаралық деңгейдегі іс-шараға 52 мемлекеттен келген білім беру саласының сарапшылары, ғалымдар, практиктер мен спикерлер қатысты. Конгресс аясында инклюзивті білім берудің заманауи бағыттары, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолжетімді орта қалыптастыру, білім беру жүйесін жетілдіру және халықаралық тәжірибелермен алмасу секілді маңызды мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар, қатысушылар білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, кәсіби даму тұрғысынан пайдалы ақпараттар алды.
Конгреске қатысу мен үшін тәжірибе мен білімді тереңдетуге, сондай-ақ инклюзивті білім беруді дамыту жолында жаңаша көзқарас қалыптастыруға үлкен мүмкіндік болды.