Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
😷 Күз-қыс маусымында респираторлық аурулардан сақ болайық!
19
ноябрь
2025
😷 Күз-қыс маусымында респираторлық аурулардан сақ болайық!
😷 Күз-қыс маусымында респираторлық аурулардан сақ болайық! Денсаулық — ең басты құндылық. Осы маусымда тұмау, ЖРВИ және басқа да респираторлық инфекциялар жиілейтіндіктен, оқушылар мен ата-аналарға алдын алу шараларын сақтау өте маңызды. 🧼 Не істеу керек? — Қолды жиі сабындап жуу — Сынып және үй бөлмесін желдету — Дұрыс тамақтанып, дәрумендерді жеткілікті қабылдау — Масканы қажет жағдайда пайдалану — Түсініксіз белгілер байқалса, дер кезінде дәрігерге қаралу 💪 Балаларымыздың денсаулығын бірге
✨ Мейірімді жүрек – үлкен игілік! ✨
18
ноябрь
2025
✨ Мейірімді жүрек – үлкен игілік! ✨
✨ Мейірімді жүрек – үлкен игілік! ✨ Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназияның оқушылары қайырымдылық қорына өз үлестерін қосты. Балалар өз еркімен, үлкен жауапкершілікпен атсалысып, жақсылық жасаудың қуанышын сезінді. Осындай ізгі істер арқылы олар адамгершілік, жанашырлық, бірлік сынды құндылықтарды бойына сіңіріп келеді. 💛 Әр қайырымды қадам – бір жүрекке үміт сыйлайды. Біздің оқушыларға алғыс айтамыз! Мектебіміздің мейірімді, тәртіпті, көпшіл ұл-қыздарымен мақтанамыз! #Қайырымдылық
«Менің Отаным – Қазақстан» аудандық сурет және сәндік-қолданбалы өнер байқауы
18
ноябрь
2025
«Менің Отаным – Қазақстан» аудандық сурет және сәндік-қолданбалы өнер
🎨 «Менің Отаным – Қазақстан» аудандық сурет және сәндік-қолданбалы өнер байқауы Біздің оқушылар жеңісімен қуантты! 🏅 Жаппар Амир – II дәрежелі диплом 🏅 Досталиева Руфина – III дәрежелі диплом Оқушыларды дайындаған жетекшілері: Нұрмұхамбет Ә., Оспан Қ. 👏 Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!
Сарапғали Бегалиннің туғанына 130 жыл
17
ноябрь
2025
Сарапғали Бегалиннің туғанына 130 жыл
17.11.2025ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде атаулы күндердің мән мағынасын ашып, оқушыларға білім мен тәрбиені ұштастыру, өз халқының ғұламаларын білу, өмірі мен шығармашылықтарын үлгі, өнеге ету мақсатында Сарапғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы, шоқантанушының еңбектерімен оқушылар етене таныс. «Сәтжан», «Жас бұтақ», «Мектеп түлектері», «Шоқан асулары», «Қыран
«Күзгі асар» жәрмеңкесі
14
ноябрь
2025
«Күзгі асар» жәрмеңкесі
«Күзгі асар» жәрмеңкесі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнына сәйкес ұйымдастырылған ауқымды мерекелік іс-шара болды. Бұл шара «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында өткізілді және оның негізгі мақсаты – оқушыларға еңбекқорлық идеясы арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, өз еңбегінің нәтижесін бағалауға үйрету. Жәрмеңке барысында оқушылар ата-аналарымен бірлесіп, күзгі егін өнімдері мен табиғи материалдарды пайдалана отырып жасаған түрлі қолөнер бұйымдарын ұсынды. Күзгі
5-7 сынып оқушылары үшін мектеп инспекторымен кездесу
05
ноябрь
2025
5-7 сынып оқушылары үшін мектеп инспекторымен кездесу
Кәмелет жасқа толмағандар арасында  құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау мақсатында 5-7 сынып оқушылары үшін мектеп инспекторымен кездесу болып өтті. Алмалы аудандық ПБ ЖПҚБ  ЮПБ аға инспектор полиция майоры, мектеп инспекторы - Симова Меруерт Оңласынқызы оқушыларға «435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе