17
ноябрь
2025
Сарапғали Бегалиннің туғанына 130 жыл
17.11.2025ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде атаулы күндердің мән мағынасын ашып, оқушыларға білім мен тәрбиені ұштастыру, өз халқының ғұламаларын білу, өмірі мен шығармашылықтарын үлгі, өнеге ету мақсатында Сарапғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы, шоқантанушының еңбектерімен оқушылар етене таныс. «Сәтжан», «Жас бұтақ», «Мектеп түлектері», «Шоқан асулары», «Қыран туралы аңыз», «Екі томдық шығармалар» жинақтары – балалардың сүйікті шығармаларына айналған. Сынып жетекшілер әңгіме сабақ, пікіралмасу сабағы, танымдық сабақ ретінде түрлендіріп өткізді.


