«БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ 2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ
27-тамыз сағат 10.00-де «Жаңа оқу жылындағы мақсат міндеттерді жоспарлап орындау және инновациялық әдістерді практикада қолдану» тақырыбындағы педагогикалық кеңес отырысы өтті
Күн тәртібінде:
1.2025-2026 оқу жылына арналған жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспарын бекітуді ұсынады (оқу жұмыс жоспарын, оқу жүктемесі, сабақ кестесі, мектепті дамыту жоспары, педагогикалық кеңес жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік кеңес жоспары т.б)
Баяндамашы: Сейсембаева А.С. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
2. Мектептің жылдық тәрбие жұмысының жоспарын бекіту(мүдделі органдармен бірлескен жоспар, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары, профилактикалық кеңес т.б. жоспар)
Баяндамашы: Нұрланқызы А. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Мектепте санитарлық нормалардың сақталуы туралы (азық-түлік сапасын бақылау және тамақтандыруды ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық ережелердің сақтау т.б.)
Баяндамашы: Дюсупова М.Д. директордың орынбасары
4. Мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелері мен мектептің жұмыс кестесін бекіту
Баяндамашы: Абукадырова М.А. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

