20
май
2026
Мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларына арналған құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау
Мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларына арналған құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында Алмалы аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспектор полиция майоры, мектеп инспекторы - Симова Меруерт Оңласынқызының қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мектеп инспекторы оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жалдамалы кортеждер жалдамау, түнгі уақытта жауапкершілікпен жүру және құқықбұзушылықтың алдын алу, түлектерге өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне бейжай қарамаудың маңызын атап өтті.
Іс-шарада мектеп директоры сөз алып, бітіруші түлектерге «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасының мәнін түсіндіріп, олардың қауіпсіздігі мен жауапкершіліктерінің маңызын жеткізді.
Балаларға құқықбұзушылықтың бірнеше тұрлері толық түсіндіріліп, өздеріне қызықты сұрақтарға жауап берілді.