Алматы қаласы Білім басқармасының
«Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
май
2026

«Заң және Тәртіп»

Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназясының 9-11 сынып оқушылары үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының аға прокуроры Абдикаримова Асель Салманқызының  қатысуымен «Заң және Тәртіп» идеологемасы аясында кездесу өткізілді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған интерактивті кездесуде  жеке қауіпсіздік, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік, интернет-алаяқтықтың, буллингтің, есірткі қылмыстарының және жасөспірімдер арасындағы өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді. 
Кездесу барысында «Zhastarmen» жастар қозғалысының белсенділері ерекше қызығушылық тудырып, өздерінің қоғамдық маңызы бар бастамаларға, профилактикалық акциялар мен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысу тәжірибесімен бөлісті. Олар оқушыларға жобаның қызметі, Telegram-арнасының жұмысы, рейтингтік және профилактикалық іс-шараларға қатысу туралы айтып, белсенді азаматтық ұстанымның, жауапкершілік пен қоғам мәселелеріне бейжай қарамаудың маңыздылығын жеткізді.
Осындай кездесулер жастар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және өскелең ұрпақ арасында Заң мен Тәртіп құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: