Алматы қаласы Білім басқармасының
«Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2026

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназиясында

 өткен мектепішілік ата-аналар жиналысының 

ХАТТАМАСЫ

Өткізілген күні: 22.04.2026ж
 Өткізілген орны: Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназиясы
 Қатысқандар: 1–11 сынып оқушыларының ата-аналар комитеті – 178 ата-ана
 Жиналыс тақырыбы: «Баланың жаман әдеттері. Оларға қалай қарсы тұруға болады?»

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Буллинг және кибербуллинг мәселелері
  2. Жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық дамуы
  3. Мектеп бітірушілер үшін ата-аналардан ақша жинауға жол бермеу
  4. Жазғы уақыттағы жол қауіпсіздігі және жолда жүру ережелері
  5. Жаман әдеттер және олардан арылу жолдары

Мектепішілік ата-аналар жиналысын мектеп директоры А.З.Момынкулова ашып, бүгінгі күні жасөспірімдер араында актуалды болып отырған, назар аударуға тиіс мәселелер туралы айтып өтті.  

1-мәселе бойынша:Алмалы аудандық ПБ ЖПҚБ  ЮПБ аға инспектор полиция майоры Симова Меруерт Оңласынқызы буллинг және кибербуллингтің қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі екендігін атап өтті. Ол оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, ата-аналардың бақылауының маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, құқықтық жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.

2-мәселе бойынша: Мектеп психологі Жанерке Жанабекқызы жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық даму ерекшеліктері туралы баяндама жасады. Ол өтпелі кезеңдегі балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерге түсіністікпен қарау, олармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын атап өтті.

3-мәселе бойынша:Оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Д. Дюсупова мектеп бітіруші түлектер үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден қаражат жинауға қатаң түрде тыйым салынатынын хабарлады. Бұл талаптың заң аясында жүзеге асырылатыны және оның сақталуы міндетті екендігі ескертілді.

4-мәселе бойынша: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Нұрланқызы жазғы демалыс кезеңіндегі жол қауіпсіздігіне тоқталып, оқушылардың жолда жүру ережелерін сақтау қажеттігін атап өтті. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.

5-мәселе бойынша: Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Ш.М. Табенова жаман әдеттердің (темекі шегу, алкоголь, интернетке тәуелділік және т.б.) алдын алу және олардан арылу жолдары туралы баяндады. Ол ата-аналардың тәрбиедегі рөлін ерекше атап өтті.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. Буллинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатында ата-аналар тарапынан тұрақты бақылау күшейтілсін.
  2. Жасөспірімдердің психологиялық дамуына көңіл бөлініп, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс нығайтылсын.
  3. Мектеп бітірушілер үшін қаражат жинауға жол берілмесін, бұл талап қатаң сақталсын.
  4. Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі ата-аналардың ерекше бақылауына алынсын.
  5. Жаман әдеттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсін.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: