19
май
2026
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» науқаны аясында Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназиясында Алмалы ауданы ПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚКБ-ның аға инспекторы, полиция подполковнигі Умарова Жанар Қуанышқызының қатысуымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» науқаны аясында оқушыларға отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіру және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен жауапкершіліктері туралы ақпарат беру.
Жоғары сынып оқушылары қатысқан шара барысында отбасындағы зорлық-зомбылық, сталкинг, әйелдер мен балаларға қатысты жасалуы мүмкін құқықбұзушылықтар мен қысым көрсету түрлері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың осындай жағдайлардағы іс-әрекеттері мен жауапкершіліктері талқыланды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Мамандар тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Іс-шараға мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және сынып жетекшілері қатысты. Мектеп әкімшілігі тарапынан құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ақпарат беріліп, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, түнгі уақытта көшеде жүрмеу туралы қосымша ескертулер айтылды.