«Кибербулинг – бала үшін қауіп» » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2020

«Кибербулинг – бала үшін қауіп»

4.11.2020 жылы Дүниежүзілік Балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық айлық аясында Ә.Шәріпов ат.№16 жалпы білім беретін мектебінде «Кибербулинг – бала үшін қауіп» тақырыбында мектеп психологі – А.А.Алданованың онлайн лекциясы өткізілді. Шараға 5-8 сынып оқушыларының ата-аналары (заңды өкілдері), сынып жетекшілері қатысып, тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салды. Ата-аналардың сұрақтарына психолог тарапынан жауап берілді. Қазіргі таңда, әсіресе қашықтықтан оқыту жағдайында кибербулинг өте өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселені ата-ана – мектеп – оқушы одағының тиімді жұмысы арқылы ғана болдырмауға қол жеткіземіз. Осындай жағдайға тап болмас үшін мектепте «Ата-аналарға арналған қонақ бөлмесі» жұмыс жасайтыны және кез-келген уақытта психологтың көмегіне жүгіне алуға болатындығы айтылды.

 

 

 

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: