Интеллектуалды ойын
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 7-8 сынып оқушылары арасында тақырыптық интеллектуалды ойын сабақтары өткізілді. 7 «А», 7 «Д» сынып жетекшілерімен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар үздіктер қатарынан көрінді. Интеллектуалды ойын сабақтарын өткізудің мақсаты: оқушылардың пәндер бойынша зияткерлік әлеуетті анықтау; демократиялық қоғамның құндылықтарын түсінуді қалыптастыру: азаматтық ұстаным, толеранттылық, патриотизм; оқушылардың логикалық ойлауы мен ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету, ұлттық мәдениетті білуге деген ұмтылысты дамыту; бір-біріне достық қарым-қатынасты және халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қызығушылығын арттырып, балалар өз ойлары мен Отанға деген сезімдерін ашып айтты. Балалардың осындай шараларға белсене, зор қызығушылықпен қатысқандарына қарай интеллектуалды сабақтар өз мақсатына жетті деген ойдамыз. Сынып жетекшілеріміз - Г.Т.Бекназарова мен Г.Ә.Нұрғожа апайларымызға алғыс айтамыз.