«Чернобыль – жалпы ауырсыну және трагедия» » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Чернобыль – жалпы ауырсыну және трагедия»
26
апрель
2021

«Чернобыль – жалпы ауырсыну және трагедия»

Биыл Чернобыль АЭС –індегі ядролық апатқа 35 жыл толып отыр. Осыған орай Ә.Шәріпов ат.№16 жалпы білім беретін мектебінде 21 – 26 сәуір аралығында «Чернобыль – жалпы ауырсыну және трагедия» тақырыбында апталық болып өтті. Пән мұғалімдері мен  сынып жетекшілері ұйымдастырған пәндік ашық сабақтар , сынып сағаттары, шығармашылық жұмыстар оқушылардың Чернобыль апаты туралы танымдарын кеңейтті. Тарих пәнінің мұғалімі А.С. Баймухамбетованың «Чернобыль трагедиясы» тақырыбындағы ашық сабағы, оқушылардың тақырыптық суреттері, «Чернобыль – қайғылы оқиға, ерлік, ескерту» бірыңғай сынып сағаттары, кітапхана меңгерушісі А.Қ.Маханова ұйымдастырған кітапханадағы виртуалды көрме оқу-тәрбиелі бағыттағы жұмыстар болды. Мектеп оқушылар Чернобыль апаты туралы тарихи мәліметтерді біледі және адамзат өмірінде қауіп төндірген мұндай оқиғалардың зардабын түсінеді.


 

 

 

 


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: