«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны "Бала қауіпсіздігі - басты назарда" » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны "Бала қауіпсіздігі - басты назарда"
03
июнь
2021

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны "Бала қауіпсіздігі - басты назарда"

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес жазғы демалыс қарсаңында 1-12.06.2021 аралағында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны басталғаны белгілі. Осыған орай 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған онлайн кездесу болып өтті. Бастауыш, орта, жоғары буын ата-аналарына арналған кездесу белгіленген кесте бойынша қашықтық форматында өткізілді. Күн тәртібінде бір ғана мәселе: Ата-аналарға оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті қадағалау және күшейту туралы. Кездесуде ата-аналарға (заңды өкілдерге) жазғы тынығу кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі, оның ішінде: өрттен, судан , жол-көлік оқиғаларының алдын алу, табиғи апаттар, жаз мезгіліндегі оқушылардың көңіл-көтеру орындарында болуына тиым салу, бала еңбегін қанау, құқық бұзушылық, ұрлық, тұрмыстық-зорлық -зомбылық, қорқытып алушылық, ата-анасыз көлікпен басқа елді мекендерге бару мәселелері айтылды. Сонымен қатар қазіргі кездегі актуалды болып табылатын – ақпараттық қауіпсіздік туралы да айтылды.  Жасөспірімдерге интернет арқылы төнетін қауіп-қатерді де ескеріп, балалардың интернет аккаунттарына бақылау қойып, аптасына бір рет қадағалап отыру қажеттілігі түсіндірілді. Жазғы демалыс уақытындағы демалыс кезінде (таулы аймақтарда, суға жүзу демалыс орындарында, табиғат аясында серуендеу кезінде) балаларға ерекше сақ болу туралы ескертілді.

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: