1- наурыз Алғыс айту күні » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2023

1- наурыз Алғыс айту күні

Мектебімізде 1-наурыз алғыс айту күнін аттап өттік. Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: — ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; — үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; — әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу. Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. «Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет. 
     

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: