«Тіл – халық мұрасы» » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2023

«Тіл – халық мұрасы»

Ана тілім,дана тілім ,бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым,шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі,тілін білген ғана адамның  бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге,ұлтқа пайдалы мәселелерді  қозғап ,жауапкершілікті сезінеді. Өйткені ,мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да,ең өзекті мәселе.
Әди Шәріпов атындағы №16 ЖББМ  5-15-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл – халық мұрасы» атты онкүндік жоспарланды.. Онкүндікте  іс-шаралар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізіледі. Аталған шаралар аясында  бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын  барша халықтың тілін, мәдениетін,салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысады.. 
05.09.2023 жылы апталықтың ашылу салтанаты  болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Тіл мамандарының ұйымдастырумен зияткерлік ойындар ұйымдастырылып, оқушылар тарапынан қызығушылық пен белсенділік байқалды. Сонымен қатар «Тіл тәрбие құралы, Мәңгілік елдің ұраны», «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы»  тақырыптарында  сынып сағаттары өткізілді.   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: