Біртұтас тәрбие бағдарламасы » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2023

Біртұтас тәрбие бағдарламасы

Оқу -ағарту министірлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясымен және Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институтымен бірге мемлекеттік қызметшілер үшін "Біртұтас тәрбие бағдарламасы:құндылықтар және оны іске асыру жоспары" тақырыбында  2023 жылдың 14-15 қыркүйек аралығында Астана қаласында Әль-Фараби атындағы оқушылар сарайында  семинар өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері және мектептегі тәрбие жөніндегі орынбасарлары, барлығы 170 -тен аса адам қаттысты. 
Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді.Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамның өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбекқорлықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Бұл тәсіл білім беру процесінің тәрбиелік мәнін арттыруға, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағытталған. Сабақтың тиімді болу шарттарының бірі – білім алушылардың бойында базалық құндылықтарды қалыптастыру.
Күнделікті сабақтың қысқа мерзімді жоспарларын әзірлеуде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында берілген жалпы білім беру мазмұнының базалық құндылықтары мен жалпыадамзаттық және қазақ халқының ұлттық құндылықтарын кіріктіру ұсынылатыны туралы айтылды. "Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдарындағы" көзделген мақсат баланы дұрыс тәрбиелеуге үлкен үлес қосатыны көңіл қуантады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: