15
сентябрь
2025
«Адал Азамат» бағдарламасы
15.09.2025ж «Адал Азамат» бағдарламасы аясында
«Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!»
тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік қасиеттерін сіңіру, сондай-ақ тұлғалық даму мен болашаққа саналы көзқарасты қалыптастыру.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сабақтар келесі тақырыптар бойынша өтеді:
1–4 сыныптарда – «Біздің үйдегі еңбек» тақырыбы. Оқушылар отбасындағы еңбектің маңызын талқылап, үйдегі міндеттерімен бөліседі. Балалар еңбекке құрметпен қарауды үйреніп, ата-аналарының күнделікті еңбегін бағалауға шақырылады.
5–9 сынып оқушыларына «Адал еңбек – адамдықтың белгісі» тақырыбы. Еңбек ұғымының мәнін, оның адам өміріндегі рөлін, адал еңбек арқылы жетістікке жетудің жолдарын қарастырады. Оқушылар түрлі өмірлік мысалдар арқылы еңбекке қатысты көзқарастарын білдіреді.
10–11 сыныптарға «Мамандық пен еңбек таңдауы – болашаққа бастар жол» тақырыбы. Болашақ мамандықты таңдау, еңбек нарығындағы сұраныстар мен талаптар, жеке қызығушылық пен қабілетті ескере отырып шешім қабылдау мәселелері қаралады. Оқушылар мамандық таңдаудың жауапкершілігін түсініп, өз болашақтарына қатысты ой-пікірлерімен бөліседі.