«Мектептегі тәрбие жұмысының үрдісі» » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектептегі тәрбие жұмысының үрдісі»
06
ноябрь
2015

«Мектептегі тәрбие жұмысының үрдісі»

Директордың ТІЖ орынбасары Ж.К.Берікбаеваның 04.11. 2015 жылы

 

ата-аналар жиналысындағы баяндамасы

    

  Қайырлы кеш, құрметті  жиналған қауым, құрметті ата-аналар!

        Мен, бүгінгі баяндамамды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып өткен «Жастар біздің болашағымыз.Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету – біздің міндетіміз»   - деген  қажырлы сөзімен бастағым келіп  отыр.Басты міндетке алып отырған мектебіміздегі тәрбие жұмысы 8  бағытта жүргізіледі:

     1-ші бағыт Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие

2-ші бағыт Ұлттық тәрбие

3-бағыт Рухани-адамгершілік тәрбие.

4-ші бағыт Отбасылық тәрбие

5-ші бағыт Еңбек, экономикалық және экологикалық тәрбие

6-шы бағытПолимәдениеттік және көркемдік эстетикалық тәрбие.

7- ші бағыт Интеллектуалдық, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

8-ші бағыт Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі.

Белгіленген бағытттар күнделікті ағымдық жұмыстар, мерекелік іс-шаралар, сынып сағаттары барысында үнемі іске асырылып отырады. Ұлтжандылық тәрбиесі әр баланың өз Отанына шынайы берілгендік сезімін қалыптастыру, Отанын қорғау жолындағы азаматтық парызын және конституциялық міндеттерін орындауға бағытталған. Әбу Насыр Әл-Фарабидің ұлағатты сөзімен айтқанда «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» демек,   қандай заман болмасын, қандай орта болмасын  адамгершілік құндылықтары, тәрбие - ең алдыңғы орында болуы тиіс.Ендігі кезекте мектептегі тәрбие жұмысының әр бағытына тоқталып өтсем.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбиеге тоқталып өтетін болсам. Өздеріңіз білесіздер, қазiргi қоғам дамуының  басым бағыттарының бiрi жеткiншектiң тәрбиесi болып табылады.Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеуде маңызды орын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн қолдануға, насихаттауға арналған жұмыстың орындалуында.

 Барлық пән кабинеттерінде ҚР Мемлекеттік рәміздері стандартқа сай жасалынған. Күнделікті бірінші сабақ  Гимн орындаудан басталады.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздеріне құрметпен қарау және олар жайлы білу мақсатында  сынып сағаттары, тарих сабағы, қазақ тілі сабағы және АӘД сабақтары өткізіледі.

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздері арнаулы ұлттық, мемлекеттiк мерекелерге арналған  шараларды өткiзуде мiндеттi түрде пайдаланылады, сонымен  қатар басқа салтанатты шараларда да.

      Мектепте оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған  салтанатты шараларда мемлекеттік Байрақты енгізу мен шығаруға арналған 9-шы сынып  оқушыларынан құралған  нышан тобы  бар.  Әр жетi сайын сейсенбiде жалпы мектеп оқушыларының жиыны өткізіліп тұрады, мектептiң оқушылары түрегелiп тұрып, жүрек тұсына  қолын қойып  Қазақстан Республикасының әнұранын салтанатты түрде  орындайды. Осы оқу жылы алғашқы  қоңырау мерекелiк жиынмен  және  «Бейбітшілік пен келісім сабағы» атты 1-шi сынып сағатымен ашылды. Мектептiң фойесiнде  Алматы қаласына арналған стенд ресiмделіп, бiздiң мектеп оқушыларының  қолөнер көрмесi ұйымдастырылды, 1-11 сыныптарында сынып сағаттары жүргiзiлдi, қазақ және орыс тiлдерiнде  «Алматы менің  сүйікті қалам»  тақырыбында шығарма  жарыстары жүргiзiлді жеңiмпаздар мақтау қағаздармен  марапатталды.Мектепте «ҚР Мемлекеттік рәміздері», «Елбасы жолдауы», «Қыз -елдің көркі», «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Мектеп формасы», «Оқушы ережесі», «Салауатты өмір салты»,  «Жолда жүру ережесі», «Жас Ұлан Балалар ұйымы», «Наркопост бұрышы», «Ата-аналар бұрышы», «Бала құқықтары», «Құқықтық білім беру» «АӘД» «мектеп келбеті» қалқандары  талапқа сай безендірілген. 

2.22 қыркүйек мектепте Қазақстан халқы тiлдерiнiң арнаулы күнiне мерекелiк концерт өткізілді, тiлдер күнінiң тойлануы шеңберiндегi жүргiзiлген  қазақ тiлi және қазақ әдебиеті бірлестігінің онкүндiк барысында  қазақ, орыс және ағылшын тiлiнiң мұғалiмдерiмен танымдық шаралар жүргiзiлдi.Мектептiң жанында ұйымдастырылған және белсендi әскери-патриоттық жұмыс жүргiзіп отырған «бiздiң шәріповшілер» клубы бар. Клуб жетекшiсi АӘД мұғалімі М.А. Елгезеков. Клуб iзденушiлiк жұмыс жүргiзедi, ҰОС ардагарлері туралы материал жиналуда, интернационалист, фронт еңбек жауынгерлері, сынып сағаттарына арналған сценарийлер жинақталған, ҰОС қаhармандарына арналған пiкiрталастар, «А.Шәрiпов» және бiздiң ықшамаудан ардагерлеріне арнаулы стенд ресiмделген.

 Үстіміздегі жылы мектеп оқушылары «Менiң Отаным - Қазақстан» атты шығармалар жарыстарына, тәуелсiздiк күнiне арналған «Гүлдей бер менiң Қазақстаным» атты оқушылар жарыстарына қатысты, жақсы шығармалар жинақталып, басылып шығарылды, сонымен қатар атап өтетін  үлкен жетістіктердің бірі  2015 жылы 18 ақпан күні  мектеп қабырғасында Қазақстандық партизандарды еске алу, ҰОС жеңісінің 70 жылдығына арналған  салтанатты іс-шара және «Партизан отрядынан келген хат» атты халықаралық шығармалар байқауының салтанатты ашылуы өткізілді. Кеш қонақтары: Ресей елшісі және де Генконсулы, Белоруссия Республикасы ның елшісі және бірінші хатшысы, Алматы қаласы әкімшілігі, Алматы қаласының имамы, Астана қаласының метрополиті, ҚР генералдары, ЖОО орындарының ректорлары, студенттер және мектеп оқушылары болды. Осы іс-шара барысы ақпарат беттерінде де  жарық көрді және «Партизан отрядынан келген хат» атты халықаралық шығармалар байқауында мектебіміздің  11 сынып оқушылары Павлов Никита  1-ші орынға ие болса, Тенлик Данияр арнайы дипломмен марапатталып қазан айында Ресей мемлекетінің Санкт-Петербург қаласына арнайы жолдамамен  саяхатқа барып келді.

3.Мектепте 42 сынып  комплектісі бар, барлық сыныптарда тәжірибелі сынып жетекшілер тағайындалған.  Барлық сыныптарда тәрбие жоспары қалалық білім жетілдіру институты бекіткен тәрбие жұмысы жоспары негізінде жасалып, бекітілген. Мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі.

Жалпы құқықтық  білім беру оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында ұйымдастырылған.  Мектептің кіре берісінде «Сенім жәшігі» орнатылған. «Сенім жәшігін» ашу жөнінде комиссия мүшелері құрылған. Қазан айында мұғалiмдер күнi, қарттар күніне арнаулы шаралар жүргiзiлдi. «Қайырымдылық пен жанашырлық-Адамгершілік күші», «Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің дамуы» «Менің туыстарым» «Тәртіп әліппесі» Ақындық әлемі» Әдеби-композициялық кеш. « Адамгершілікке үлгі болар жағдайлар» -дискуссия т.б. іс-шаралар өткізілуде.Сонымен қатар тоқтала кететін  жайт мектепішілік және аудандық жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлімде есепте тұратын  оқушылар жоқ. Осы жылдың аяғына дейін  мектептің әлеуметтік педагогы мен  психологы тарапынан  оқушылармен  атқаратын қосымша жұмыстар жоспарлануда.

4.Отбасы тәрбиесіне келетін болсақ, Осы жартыжылдықта мектептің басты дәстүрлері сақталып, тәрбие жұмысын қызықты, мазмұнды іс-шаралармен толықтырды.Ол іс-шаралар:   Отбасы күніне, Қала күніне   арналған спорттық эстафеталар, Қарттар күніне арналған салтанатты кеш және осы айлыққа арналған іс-шаралар, «Жаяу жүргінші» мерекесі.  «Алтын күз» суреттер байқауы және «Күзгі ару» атты қыздар арасында байқау. Былтырғы жылдан бастап  «Әкем, шешем және мен» - атты спорттық эстафеталар өткізу қолға алынып жатыр, бірақ ата-аналар тарапынан белсенділік төмен болып тұрғанан айта кетпеуге болмайды. Тағы да  бір толғандыратын жайт ол мектепте Аналар кеңесі, Әкелер кеңесінің құрылуы осыған орай сіздерден сұрайтыным, ата-аналар тарапынан белсенділік танытып, біздің ортақ  мүдде бала тәрбиесіне ат салысу, өйткені қазіргі  технология дамыған заманда  балаларымыздың қайда болатынын, кіммен араласатынын, бос уақыттарында немен айналысатынын, қандай әлеуметтік сайттарда отыратынын бақылау өте қиын, сондықтан отбасы тарапынан әр балаға көп көңіл бөлініп, күнделікті бағыт-бағдар беруді басты назарда ұстануымыз керек. Бала сіз бен біздің болашағымыз,  сол себебті де Алматы қаласы Білім басқармасының «Адамға әсер ететін физикалық факторлар  (компьютерлер мен бейнематериалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларында қойылатын  санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитариялық  қағидаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1430 қаулысына сәйкес  мектепішілік оқушылар жиынында  сабақ кезінде ұялы телефондарды қолдануға тыйым салу, интернеттегі рұқсат етілмеген  сайттар мен ресурстарға қолжетімділігіне шектеу қою туралы мектептің ішкі тәртіп қағидаларымен   оқушылар таныстырылғанын құлағдар етеміз.

5. бағыты бойынша «Гүлдей бер менiң бақ қалам- Алматы » атты  сынып  сағаттары жүргiзiлді ,  мектептiң оқушылары қалалық сенбiлiк «бiз таза қала үшін» атты акцияға қатысты. Педагогикалық ұжым әр баланың тұлға ретінде жан-жақты дамуына жайлы жағдай туғызу үшін оқыту-танымдық қызметке арнайы тәрбие жұмыстарын бөліп отырады.Сабақ кезінде, пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізуде.Бұл тәрбие жұмысында да жалғасын табуда.Пәндік апталықтар мен онкүндіктер өткізу дәстүрге айналды.Осы іс-шаралардың аясында мұғалімдер сыныптан тыс іс-шаралардың әр-түрлі формаларын қолданып: пәндік олимпиадалар, байқаулар, т.б. іс-шаралар өткізіледі.   

6.-7. Бағытында Қыз елдің-көркі» бағдарламасы бойынша төмендегідей іс-шаралар өткізілді: «Анамның аялы алақаны» әдеби-көркем оқуы, технология сабағы «ақылдылар мектебі», шығармашылық кеш «мен және менің талабым», қыздардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда мектеп ең алдымен қыздардың адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін басты бағытта ұстайды, ол қыз баланың ішкі дүниесінің қалыптасуын,шығармашылық өнерлерін дамытуға,бейімділіктерін, дарындарын ашуға көп септігін тигізеді. Балаларымыздың парасатты өмір сүруге құштарлығын арттыру үшін төмендегідей тәрбие сағаттары мен  ашық әңгіме, диспуттар өткізіліп тұрады :Ұлыма ұлағат 4. Қызға қырық үйден тыйу. 5. Махаббат, неке, отбасы. 7. Музыка өнері – ұлт өнерінің негізі 8. Сөз мәдениеті- өз мәдениетін емес пе? 9. Перзенттік парыз қалай өтелмек?10. Ерлік, батылдық, төзімділік.11. Жігіт намысы. 12. Сәнді киіну, таза жүру. 13. Қазіргі жас және  сән үлгісі.т.б.    Мәдени-ағартушылық жұмыстар Абай атындағы опера және балет театры, Ю.Лермонтов ат.орыс драма театры, Ғ.Мүсірепов ат. Балалар мен жасөспірімдер театры,Ә.Қастеев мұражайы,Мемлекеттік мұражай, Орталық көрме ,Филормония концерт залымен тығыз қарым қатынаста  жүргізілуде .Жыл сайын мектебімізде өткізілетін ұстаздар күніне, алғашқы қоңырау, жаңа жылды қарсы алу,Қала күні,Күзгі бал,Этика сабақтары сияқты іс-шаралар оқушылардың эстетикалық сезімдері мен тәрбиесін қалыптастыра түседі. Мектеп оқушыларын ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге,қоршаған ортаны, әдемілікті бағалауға, жаман қылықтардан аулақ болуға және заңды құрмет тұтатын патриот азамат етіп тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз.  Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөле отырып, ел дәстүрі мен ата-салтына үйрету  әр отбасының,  сонымен бірге мектептегі ұстаздардың, қоғам алдындағы борышы.

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша

 Мектепішілік наркүзет және волонтерлік топтар құрылып, жұмыс жоспары бекітіліп, сыныптар бойынша жауапты мұғалімдер, наркопост мүшелерінің тізімдері бекітілген. Наркүзет жұмысы бойынша бұрыш безендірілген. Сонымен қатар мектеп оқушылары әр-түрлі  мектепішілік, аудандық  мини-футболдан спорттық жарыс,  қыздар және ұлдар арасында футболдан жарыс,  қалалық «Алтын күз»  спорттық  жарысы, «Аман келешек» фестиваліне қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Осындай іс-шараларға  белсенді қатысқан оқушыларымыз  мектеп тарпынан  арнайы жолдамамен  1-күн Гавая  орталығына барып  демалып келді және осындай  қолдау марапаттарын жыл бойына дәстүрге айналдыру жоспарлануда.

  2- ші тоқсанға арналған жұмыс жоспары:

1-4 сыныптар арасында жаңа жылдық шырша, 5-11 сыныптар үшін жаңа жылдық кеш,  1-ші сынып оқушыларының Шәріпівшілер қатарына салтанатты түрде қабылдануы, ҚР тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кеш т.б. нақтырақ тоқталып өтсем:

 ҚР тәуелсiздiгінің 24-жылдығының тойлауына арналған  мерекелiк жиын, мектептiң фойесiне «Тәуелсіздік  - ел тілегі» ұранымен стенд ресiмделуi, Мектептiң кiтапханашысы А.К.Маханованың ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты көрме, технология және бейнелеу пәні мұғалiмдерi  Қилыбаева, Джанакова, Қайыржановалардың басқаруымен оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен суреттер  көрмесін  ұйымдастыруы,қазақ тілі, орыс тiлi мұғалімдері Сейсембаева, Д.А. Сабировалардың ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында  шығармалар жарысы, қазақ тiлiнiң мұғалiмi Бүркiтбаева Н.М  ұйымдастыруымен 2-11 сыныптар арасында  «Менің Тәуелсіз Қазақстаным»  атты мәнерлеп оқу  жарысы 7Б, 7В  сынып  жетекшiлерi А.Касымова,  А.С  Шағатаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік сатылары» атты викторина жарысы өткiзiледі,  1-11 сыныптарының сынып жетекшiлерiмен «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи беттері» атты сынып сағаттары. Іс-шаралар мерекелiк концертпен аяқталады деп жоспарлануда.

2015 жылдың  19 –шы желтоқсанында партизан,  мемлекет қайраткері, жазушы ғалым А.Шәрiповтың  103-жылдығын  атап өтеміз. Мектепте «Өшпес ерлік»  суреттер жарысы, «Ұлы тұлға» қабырға газеттерiнiң жарысы ,  сынып сағаттары, экскурсия, А.Шәрiповтың шығармаларынан әдеби оқу және 1-ші  сынып оқушыларын «шәріповшілер» қатарына салтанатты қабылдану рәсімі өткізіледі.   Құрметті ата-аналар әр айдың екінші аптасында, сенбі күндері сіздерді  балаларыңыздың сыныптағы қарым-қатынасы мен біліміне қөніл бөліп, қатынасуларыңызды сұраймыз.Әрдайым есігіміз ашық, Сіздермен  бірге жұмыс істеуге  біз әрқашан дайынбыз! Келіңіздер, қатысыңыздар!

   Қорыта келе Амоношвилидің мынандай сөзімен аяқтағым келед..

   Балалармен сөйлескенде оларға қуаныш сыйлауға тырысайық.

   Себебі, тәрбие  баланың жеке тұлғасына деген құрметтен тұруы тиіс.                    

Mektepteg-trbie-zhmysyny-zhrgzlu.pdf [2,59 Mb] (cкачиваний: 41)
Посмотреть онлайн файл: Mektepteg-trbie-zhmysyny-zhrgzlu.pdf

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: