Алматы қаласы Білім басқармасының
«Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
 «Адал ұрпақ» , «Жемқорлықсыз әлем»
26
январь
2022
 «Адал ұрпақ» , «Жемқорлықсыз әлем»
Ә.Шәріпов ат.№16 ЖББМ КММ де –ZOOM платформасы арқылы  «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз әлем» тақырыбында отырыс болып өтті. Мақсаты: оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Отырыс барысында жемқорлықтың ел болашағына тигізетін зардаптарын талқылап, жемқорлықпен күресу жолдары жөнінде өз ойларын ортаға салды.     
«Бағдаршам – қозғалыс жолы»
25
январь
2022
«Бағдаршам – қозғалыс жолы»
Ә.Шәріпов ат.№16 ЖББМ КММ де «ЕЛ ЖАСТАРЫ» бағдарламасы аясында  ЖЖЕ оқыту бойынша  1 - 4 сынып оқушылары арасында «Бағдаршам – қозғалыс жолы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Және де жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Сынып сағаты барысында оқушылар бағдаршамның атқаратын қызметімен қатар, қазіргі кезде көптеп кездесетін бірнеше түрлерімен танысты.  
«Өрт – тілсіз жау»
25
январь
2022
«Өрт – тілсіз жау»
Ә.Шәріпов ат.№16 ЖББМ КММ де 1 – 4 сынып оқушылары арасында «Өрт – тілсіз жау» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты:  Оқушыларға оттың өмірдегі маңызын түсіндіре отырып, өрттен сақ болуға баулу. Сынып сағаты барысында оқушылар оттың негізгі қызметі мен өмірдегі маңызы жайында мәлімет алып, оттың пайдасынан бөлек зиянды жақтарымен танысты. Сонымен қатар өрттің негізгі шығу жолдары мен қауіпсіздігі қағидаларын қарастырды.                       
"Оқушы мен ұстаз мәдениеті"
24
январь
2022
"Оқушы мен ұстаз мәдениеті"
"Өнегелі бір сағат" жобасы аясында мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Оқушы мен ұстаз мәдениеті" тақырыбында онлайн зум платформасы арқылы дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: Өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту.  
«Өнегелі бір сағат» жобасы
20
январь
2022
«Өнегелі бір сағат» жобасы
Мектебімізде «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында 9 «Ә» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Молдақайсар А.М. «Ғасырдың дара перзенті» атты Д.А. Қонаевтың туғанына 110-жыл толуына орай қашықтан тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға Д. А. Қонаевтың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, оның мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым және қазақ елінің жанашыр патриоты болғандығын атап көрсетті. Ұлы тұлғаларымызды жас буынға ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған тәрбие сағаты өте