Алматы қаласы Білім басқармасының
«Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әди Шәріпов - дара тұлға.
21
май
2020
Әди Шәріпов - дара тұлға.
Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар! Мектебімізге есімі берілген қаһарман, қайраткер, қаламгер, партизан Ә.Шәріповтің дара тұлғасы, ерлік істері ұрпағымызға тәлім-тәрбие, өшпес мұра. Оқушыларымыз Әди Шәріповтың өмір жолы мен мол мұрасын үнемі дәріптеп отырады. Назарларыңызға сондай жұмыстарың бірін ұсынып отырмыз.  Жас өрендеріміздің еңбегін бағалап, қолдауларыңызды сұраймыз!
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы
21
апрель
2020
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы
  «Адал ұрпақ» клубының мақсат, міндеттері қашықтықтан оқу жүйесінде де жалғасын тауып келеді. 21.04.2020 ж қашықтықтан  өткізілген сынып сағатында "Кешірім немесе кек" тақырыбында 7-сынып жетекшілері оқушылардың өмірлік ұстанымдарын байқап, заң, тәртіп аясында оқушылардың көзқарастарын қалыптастыру мақсатында пікірлесу сабағын ұйымдастырды.              
Қоғамдық гуманитарлық пәндер апталығы.
14
февраль
2020
Қоғамдық гуманитарлық пәндер апталығы.
    14 ақпанда қоғамдық гуманитарлық пәндер апталығы аясында орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі  Калиакбаров Жанат Камелович  5«В» сыныбына «Числительное» тақырыбын қортындылау мақсатында «По страницам истории нашей школы» атты ерекше ашық сабақ өткізді.Ашық сабаққа жас мамандар, пән мұғалімдер мен оқу ісінің орынбасарлары қатысты. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану арқылы мұғалім алдына қойған мақсатына жете отырып, оқушыларды мектебіміздің терең тарихымен таныстырып өтті.
"Махаббат-өмір нәрі"  атты шеберлік сабағы
06
февраль
2020
"Махаббат-өмір нәрі" атты шеберлік сабағы
      "Өзін-өзі тану "  Махаббат пен шығармашылық педагогикасы  атты онкүндік аясында "Махаббат-өмір нәрі"  атты шеберлік сабағы болып өтті. Шеберлік сабақты мектебіміздің "Өзін-өзі тану"  мұғалімі педагогика ғылымдарының магистрі  Е. А. Айдарханбеков жүргізді. Шеберлік сабақ барысында мұғалімдер түрлі тапсырмаларды орындау арқылы "Өзін-өзі тану" сабақтарында және басқа да пәндерде қолданылатын интеграциялық ізгі әдіс-тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасты.                                       
"Өзін-өзі тану-Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндік.
03
февраль
2020
"Өзін-өзі тану-Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндік.
        3-12 ақпан аралығы өзін-өзі тану пәнінен "Өзін-өзі тану-Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің ұйымдастырылуына байланысты мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізілуде. Іс-шараның  негізгі мақсаты «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізіне жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани танымын жетілдіру, оқушыларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, өмірге, жақын адамдарға, ата-анаға, жалпы қоршаған
«Тәртіп пен өзін-өзі ұстау мәдениеті, жауапкершілік пен орындаушылық»
28
январь
2020
«Тәртіп пен өзін-өзі ұстау мәдениеті, жауапкершілік пен орындаушылық»
       Жас буынның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарастарын қалыптастыру, қоғамдық, мәдени өмірге араласу қажеттілігін қалыптастыру мақсатында «Ел жастары» бағдарламасы бойынша 28.01.2020 жылы 9 сынып оқушылары үшін «Тәртіп пен өзін-өзі ұстау мәдениеті, жауапкершілік пен орындаушылық» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс жүргізілді. Сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізіліп, тақырыптың мазмұны ашыла түсті. Оқушылар өз ойларын ортаға