«Мектеп ұжымының педагогикалық әдеп нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету туралы» » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мектеп ұжымының педагогикалық әдеп нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету туралы»
09
ноябрь
2021

«Мектеп ұжымының педагогикалық әдеп нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету туралы»

Ә.Шәріпов ат.№16 жалпы білім беретін мектебінде 09.11.2021ж  Әдеп этикасын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыратын комиссия отырысы онлайн форматында болып өтті. «Мектеп ұжымының  педагогикалық әдеп нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету туралы» тақырыбында өрбіген отырыста қызметтік қарым-қатынаста, қызметтен тыс уақытта, оқу-тәрбие беру жағдайында әлеуметтік желілердегі, смс чаттарда, онлайн сабақтардағы сақталуы керек педагоикалық әдеп нормалары туралы айтылды. Сонымен қатар педагог мәртебесіне қатысты мектеп мұғалімдеріне ұсыныс айтылып, міндеттемелері еске салынды.  Мұғалімдерге әлеуметтік желі платформалары мен мессенджерлерін қолдануда, жазба-пікір білдіруде мәдениеттілік таныту, ұжымдастар арасында кикілжің, түсініспеуіліктер орын алған жағдайда дереу кеңес төрайымына, мектеп әкімшілігіне хабарлау туралы айтылды. Педагогтар арасындағы Әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа тән әрекеттерді болдырмау, алдын алуға байланысты іс-шаралар үнемі күн тәртібінен түспейтіндігі айтылды. Мектептің барлық педагог ұжымына ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 11 мамырындағы №190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп Қағидаларымен» танысып, кәсіби салада орындау, сақтау міндеттілігі, мектеп директорының 2021 жылдың 31 тамызындағы № 101а бұйрығы «Ә.Шәріпов ат. № 16 жалпы білім беретін мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартымен» танысып, белгіленген ұсынымдарды бұлжытпай орындау жүктелді.

 

 

 

 

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: