28
март
2025
"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ: ЖАҢАШЫЛДЫҚ ПЕН ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС" халықаралық әдістемелік семинар
2025 жылы 28 наурыз күні сағат 10:00-де Ә.Шәріпов атындағы «№16 мектеп-гимназияда» "Біртұтас тәрбиені" іске асыруда және элективті бағдарламалар негізінде педагогтерлің тәжірибиесін тарату аясында «Ұлттық құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие: жаңашылдық пен заманауи көзқарас» тақырыбында халықаралық әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты – педагогтер тәжірибесі негізінде ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, білім мен тәрбие жүйесін заманауи әдістермен ұштастыру. Семинарға Ланьчжоу қаласы (ҚХР), Стамбул қаласы (Түркия) мен Алматы, Қостанай қалаларынан білім саласындағы ұстаздар қатысады. Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтеді. Алматы қаласы бойынша келесі аудандардың мектептері қатысты:Бостандық ауданының №40,№63,№65, №145 мектептері, Алатау ауданының №164, №181, №178, №184 мектептері, Әуезов ауданының №202,№33, №13 мектептері, Алмалы ауданының №15,№24,№25,№39,№55,№54, №95, №62,№135,№136, №167 мектептері, Жетісу ауданының №80, №109, №148,№193, №12мектептері, Түркісіб ауданының №78,№198,№106,№162 мектептері, Медеу ауданының №19 мектебі.
Ұйымдастырушылар: Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Ә.Шәріпов атындағы «№16 мектеп-гимназия».