«Есірткінің зияны туралы» » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
октябрь
2020

«Есірткінің зияны туралы»

Ә.Шәріпов ат.№16 ЖББМ «Есірткінің зияны туралы» тақырыбында 7-11 сынып оқушылары және ата-аналардың қатысуымен онлайн-лекция өткізілді. Негізгі мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналылыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу.
Лекцияға Алмалы аудандық Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы С.Шакибаева қатысып нашақорлыққа қатысты деректер айтып өтті. Лекцияның негізгі тақырыбын Биология пәнінің мұғалімі Б.Ө.Тұрдықұл қазақ ашып, 7-сыныптың жетекшісі Ж.С.Маликова жасөспірімдердің өмірі үшін қауіптілігін, психологиялық зардабын айтты.
Өзіміздің өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті есірткі сияқты зиянды заттарға әуес болмау, ХХІ ғасырдың азаматтары тек білімге бет бұрып, салауатты өмір салтын ұстанайық деген тезис басты назарда болды.
Ертеңгі жарқын болашақ жас ұрпақтың қолында. Қазақстанның дені сау, парасатты, мәдениетті, сауатты, еңбекқор адал ұлдары мен қыздары болып өсуіне осындай іс-шаралар септігін тигізеді деп ойлаймыз.

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: