Әди Шәріпов ат. №16 мектепте «Директорлық сенбі - ата-ана үні» онлайн-кездесу » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әди Шәріпов ат. №16 мектепте «Директорлық сенбі - ата-ана үні» онлайн-кездесу
27
февраль
2021

Әди Шәріпов ат. №16 мектепте «Директорлық сенбі - ата-ана үні» онлайн-кездесу

        Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне үндескен мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ, ата – аналарға балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде суицидтік мінез- құлықтың алдын алу және психологиялық-педагогикалық ықпал етуде және басқа да мәселелері, «Мектеп-бала-ата-ана» өзара іс-қимыл мәселелері бойынша көмек көрсету мақсатында 2021 жылғы 27 ақпанда Әди Шәріпов ат. №16 мектепте «Директорлық сенбі - ата-ана үні» 10,11 сынып оқушыларының ата-аналарымен онлайн-кездесулері өтті.

Ата-аналар бұл бастаманы қолдап, кездесуді ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Көптеген ата-аналар мектеп басшылығын мектеп өміріндегі туындайтын мәселелерін шешуде шұғыл түрде ат салысқандары үшін алғыстарын білдіріп пән мұғалімдеріне (Шагатаева А.С., Бұйрекбай Б., Майгельдиева С.К., Бекназарова Г.Т., Калиакбаров Ж.К.) қашықтықтан және штаттық режимде оқушыларға білім беруде жасап жатқан жұмыстары үшін алғыстарын білдірді. Онлайн –кездесулердің әрі қарай өткізілуіне қызығушылық танытты.

Ата-аналардың көпшілігін толғандыратын негізгі мәселелер: оқытудың дәстүрлі түріне оралу мерзімі, оқуға деген қызығушылықты арттыру мәселелері бойынша балаларға көмек көрсету, сондай-ақ, мектеп бітіруші 9, 11 сыныптар үшін 2020-2021 оқу жылындағы қорытынды аттестациялауды өткізу бойынша, ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) қатысты сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

Кездесуге қатысқан мектеп психологі тарапынан ата-аналардың отбасында қолайлы моральдық- психологиялық ахуал қалыптастыруға қатысуы жөнінде ұсыныстар берілді. «Тату отбасы, бақытты балалар - мемлекет өркендеуінің сенімді іргетасы» екендігі түсіндірілді. Мектеп психологі ата-аналарға ҰБТ дайындық кезіндегі қолдау көрсету бойынша жасалған жұмыстар туралы айтып өтті.