«Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында онлайн-кездесу
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында желтоқсанның 22 күні сағат 15.00 –де мектепте Алмалы аудандық ІІБ полиция майоры М.О.Симованың қатысуымен 8-10 сыныптардың қыз балалары арасында «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға 8-10 сыныптың жетекшілері, мектеп психологі А.А.Алданова, мектеп әкімшілігі қатысты.
Онлайн жиналыста түнгі уақытта заңды өкілдердің қарауынсыз жүруге болмайтындығы, қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын қолдануға шектеу қойылғандығы туралы, қашықтықтан оқу жағдайында сабақтан қалмау керектігі, кәмелеттік жасқа томағандардың жыныстық қол сұқпаушылығы, әр түрлі құқық бұзушылық сипатындағы әрекеттерге бармау туралы айтылды. Қыз балалар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап берілді.
--