«Оқуға құштар мектеп» жобасы » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
январь
2021

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

 

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:

   Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру; жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау. Мектеп кітапханаларына қоғамның назарын аудару.

МІНДЕТТЕРІ:

-Оқу құзыреттілігін арттыру және оқуға тарту мақсатында оқушылардың

оқырмандық қызығушылықтарына әсер етудің белсенді формалары мен әдістерін, педагогикалық идеяларын іздеу;

-Мектеп оқушыларының оқырмандық белсенділігін ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеттегі оқырмандық қалауын ескере отырып, отбасылық оқуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

-Мектеп кітапханаларын ресурстық ақпараттық-кітапханалық және мәдени-ағарту орталықтары ретінде дамытуға ықпал ету ;

-Кітап оқуды алға жылжыту бойынша жұмыс тәжірибесін анықтау,  жинақтау және тарату;

-Ата-аналарды балаларының кітап оқуға белсенділігін қолдауға тарту, оларға отбасылық бос уақытты кітап оқу ортасына айналдырып, рухани қарым-қатынас жасауға көмек көрсету;

-Отбасылық  кітап оқу дәстүрлерін  жандандыру;

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

- Мектеп кітапханалары жұмысының әдістемесі мен практикасына инновациялық жобалар мен технологиялар апробацияланады және енгізіледі;

- Мұғалімдердің, кітапханашылардың әдістемелік материалдар банкі жинақталады;

-  Жұмыс тәжірибесі жинақталады және таратылады;

-  Отбасылық кітап оқу дәстүрі жаңғыртылады;

- Мектеп кітапханаларының ақпараттық ресурстарын пайдаланушылар саны артады;

- Балалардың жүйелі, шығармашылық, дамытушылық оқу дағдылары қалыптасады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

  





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: