«Қымбатты жолдас - жүргізуші» акциясы
«Қымбатты жолдас - жүргізуші» акциясы аясында 13.05.2021ж Ә.Шәріпов ат.№16 ЖББМ КММ де 1-11 сынып оқушылары мен ата-аналар, сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігі қатысқан онлайн - жиналыс болып өтті. Ақпараттық-қаіпсіздік туралы айтылған жиынға Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция департаментінің аға лейтенаты Нұртазаев Нұржан Бакдаулетұлы қатысып, соңғы төрт айда балалардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары туралы ақпарат айтып өтті. Сонымен қатар, жолда жүру қауіпсіздігі туралы мектеп қабырғасында ұйымдастырылып, өткізілетін іс-шаралар туралы мәліметтер берілді. Балалардың жол, өрт, судағы қауіпсіздігі үшін ересектердің жауапкершілігі туралы айтылды. Жиналыс соңында ата-аналардан тақырыпқа байланысты сұрақ - жауап жүргізілді. Бала - біздің болашағымыз. Олардың өмір қауіпсіздігі үшін ата-ана, мектеп тәрбиесі маңызды.