Әди Шәріповтің 110 жылдығына арналған «Жақсылыққа жаралған жүрек» атты мерекелік кеш » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әди Шәріповтің 110 жылдығына арналған «Жақсылыққа жаралған жүрек» атты мерекелік кеш
13
декабрь
2022

Әди Шәріповтің 110 жылдығына арналған «Жақсылыққа жаралған жүрек» атты мерекелік кеш

      Бүгін  мектебімізде  Мемлекет және қоғам қайраткері, партизан-жазушы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы Әди Шәріповтің 110 жылдығына арналған «Жақсылыққа жаралған жүрек» атты мерекелік кеш өтті.
      Келген мерекелік кеш қонақтар  өз сөздерінде Әди Шәріповтің қаламгерлік шеберлігі мен ғылымдағы орнына, Қазақстан Жазушылар одағы мен Әдебиет және өнер институтын басқарған жылдардағы ақын-жазушылар мен ғалымдарға көрсеткен қамқорлығына, министр болып тұрған кезіндегі ұлт үшін атқарған азаматтық істері мен ерен еңбектері туралы айтты.  Мерекелік іс-шараның қонақтары мектептегі Әди Шәріповтың мұражайын аралап,  мектеп оқушыларының өнерлерін тамашалады. Сонымен қатар іс-шараға қатысып отырған Әди Шәріповтің жары Жағыпарқызы Клара апай да өзінің жарымен өткізген жылдарын сағына еске алып, қызықты естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ Клара Жағыпарқызы ғалымды жоқтатпай, мерейлі мерекесін арнайы атап өтіп жатқан мектеп  ұжымы мен мектеп оқушыларына  өзінің ыстық лебізін айтып, ризашылығын  білдірді.

   Мерекелік іс-шарада немересі Шарипов Арсен Қайтпасович, немерелері Шарипов Жәнібек, Шарипова Данеля, келіні Шарипова  Азель, немере келіні Абланова Ермек Хасановна, немере қарындасы Адилева Мақсат Салимовна, жиені Александр Станиславович   Әди Шәріпов туралы  деректі фильмін және сахналық көріністі көріп, өз әсерлерін айтып, лебіздерін білдірді.

     Жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін Әди Шәріповтың мерейлі мерекесі көпшіліктің көңілінде мәңгілікке қалатындай болды.

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: