«1941 жылдың жазы» » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
апрель
2022

«1941 жылдың жазы»

Алдымыздағы жылдың 24-сәуірінде «1941 жылдың жазы» кинофильміне Ә. Шәріпов атындағы №16 ЖББМ мектеп директоры бастаған ұжым Ә. Шәріпов өміріне арналаған кинофильмді тамашалауға барды.
Саша есімді прототиппен көрермен жүрегінен жол тапқан Азамат Нигманов кейіпкер образын толық аша білген.
Ә. Шәріповтің жары Мыңжасарова Клара Жағыпарқызыда бірге мектеп ұжымымен бірге барып тамашалады.

Сонымен қатар, фильім режиссері Бекболат Шекеровпен басты ролді сомдаған актер Әлихан Лепесбаев және Азамат Нигмановпен оқушылар кездесіп, өз сауалдарын жолдады.
Бұл фильм Қазақ халқының даңқты ұлы Әди Шәріповтың жауынгерлік жолына және Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған. Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ғалым, жазушы және қоғам қайраткері Әди Шәріпов 1912 жылдың 19 желтоқсанында (1912-1993) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Мариновка ауылында дүниеге келген. Әртүрлі жылдары Әди Шәріпов Сыртқы істер министрі, Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағының бірінші хатшысы лауазымдарында қызмет еткен. Сегіз жыл Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын басқарған. Ол «Дала қызы», «Дос құпиясы» романдарының, «Партизан қызы» повесінің және т.б. шығармалардың авторы. Аталған жобада соғыстың басталу кезеңі мен Беларус аумағында немістер жаулаған партизан отрядын алғашқылардың бірі болып басқарған Әди Шәріповтың жауынгерлік жолы көрсетіледі.
Кездесу Ә. Шәріпов атындағы №16 мектепте өтті. Шара барысы Ә. Шәріпов музейінде жалғасын тапты.
Алғашқы күні 9 «а» және 11«ә» сынып оқушылары тамашалады. Алдағы уақытта барлық мектеп ұжымы баруды жоспарлауда.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: