16
сентябрь
2025
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық»
16.09.2025ж. Әди Шәріпов ат.№16 мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау, оның алдын алу бойынша Алмалы аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспектор полиция майоры Симова Меруерт Оңласынқызының қатысуымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. 7 «А», 8 «В», 10 «Ә», 9 «Б», 9 «Г» сынып оқушылары қатысқан кездесуде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы: ұрлық, қорлық, зорлық, зомбылық, ерте жастан еңбекке тартылу, жәбірлеу, жәбірлену, балағат сөздер айту, түнгі мезгілде көшеде заңды өкілдерсіз жүру, мектеп ережелерін орындау, тыйым салынған сайттарға кірмеу, темекі, алкоголь бұйымдарын қолданбау, өрт, су, жол, табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік туралы айтылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Мектеп инспекторымен кездесу қажеттілігіне қарай күн сайын жүргізіліп отырады.