Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2025

Халықаралық білім форумы

📍 Халықаралық білім форумы | Алматы – Сычуань
Алматы қаласында Қытайдың Сычуань провинциясынан келген жоғары оқу орындарының ректорлары, мектеп директорлары мен ғалымдары қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасу форумын өткізді. Басты бағыттары – білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау және заманауи білім беру тәсілдерін бірлесіп дамыту.
🔑 Форумда — Халықаралық білім кеңістігінде мұғалімдерді бірлесе даярлау тәжірибесі мен модельдері таныстырылды. Мұғалім дамуының циклдік және интеграциялық сипаты, мектеп директорының рөлі, ресурстарды тиімді басқару туралы ойлар айтылды. Заманауи технологиялар мен жасанды интеллект негізіндегі оқыту тәсілдері, білім беру платформаларының мүмкіндіктері талқыланды.
📚 Сонымен қатар, келесі маңызды мәселелер айтылды:
🔹 Мұғалімнің кәсіби дамуына жағдай жасау – білім сапасының кепілі;
🔹 Әр оқушыны жан-жақты дамыту – басты басымдық;
🔹 Мұғалімді оқыту, марапаттау, жұмыс жүктемесін оңтайландыру – басты міндеттердің бірі;
🔹 Мектепті дамыту кезеңдері мен нақты ұсыныстар ұсынылды;
🔹 Пәнаралық байланыс, өмір бойы оқуға баулу, адамгершілік пен сұлулықты сезіне білу – тәрбиенің өзегі.
🔹 Қытай тілін оқыту бойынша серіктестік орнатып, сұранысқа сай білім беру ұсынылды.
🌏 Форум нәтижесінде қатысушылар білім саласындағы серіктестікті нығайту, педагогикалық тәжірибені дамыту және оқушылар үшін сапалы білім кеңістігін қалыптастыру жолдарын белгіледі.
📸 Ынтымақтастық – ортақ дамуға бастар жол!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: