Алматы қаласы Білім басқармасының
«Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелет жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
13
апрель
2026

Кәмелет жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

Кәмелет жасқа толмағандар арасында  құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау мақсатында, оның ішінде жәбірлеуді болдырмау, алдын алу үшін 4 «А» сынып оқушылары үшін мектеп инспекторымен кездесу болып өтті. Алмалы аудандық ПБ ЖПҚБ  ЮПБ аға инспектор полиция майоры, мектеп инспекторы - Симова Меруерт Оңласынқызы оқушыларға «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 127-2-бап. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) бабында көзделген заңнамалармен таныстырды. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Нұрланқызы, М.М.Қапыш тарапынан «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығында» көрсетілген негізгі сұрақтар туралы түсіндірме жүргізді. 
Оқушыларға сынып жетекшісі тарапынан да достық, сыйластық, өзара түсіністік тақырыбында сөз қозғады. 
Мектеп инспекторы оқушыларға ұзақ бұзақылыққа қандай әрекеттер кіретіндігі туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: