“Оқуға құштар – мектеп, оқуға құштар – ел” жобасы іске асырылуда » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Оқуға құштар – мектеп, оқуға құштар – ел” жобасы іске асырылуда
19
октябрь
2022

“Оқуға құштар – мектеп, оқуға құштар – ел” жобасы іске асырылуда

   Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа» деп насихаттайды.  Осы орайда модернизация бағдарламасы аясында, жаз айларында мектебіміздің кітапханасына біраз өзгерістер енгізілді. Заманауи үлгімен жабдықталып, асыл қазынамыз, кітапханамыз жаңартылды. Сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар-ел» жобасы бойынша түрлі іс-шаралар өткізілуде. Биылғы жылдың мерейлі мерекелерін де аталып өтілуде. 17 қазан күні А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойы мен М.Әуезовтың 125 жылдығы аталып өтілді. Осы іс-шараларға мектебіміздің оқушылары белсене ат салысып, А.Байтұрсынұлының және М.Әуезовтің түрлі көркем-әдеби шығармаларымен таныстырылды.«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай, ерінбей білім алуға асығайық! Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық!

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: