«Бөбектер мектебі» » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
август
2021

«Бөбектер мектебі»

2021 жылдың  2-13 тамыз аралығында бірінші сыныпқа қабылданатын оқушылар үшін «Бөбектер мектебі» даярлық тобы жұмыс жасады. Балалармен жүргізілген жұмыс барлық санитарлық нормаларға сәйкес, бекітілген кесте бойынша әр түрлі уақыттарда ұйымдастырылды. Даярлық курсының мақсаты: балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепалды білім беру кезеңінде оқыту процесін ұйымдастыру; - балалардың жаңа білім беру жағдайларына табысты бейімделуін, ойын әрекетінен оқу әрекетіне біртіндеп көшуін қамтамасыз ету; - когнитивті және әлеуметтік дағдыларды дамыту; - баланың мектепте оқуға оң көзқарасын қалыптастыру. Даярлық курс сабақтарын мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары С.Б.Кульжанисова А.И.Абдраманова, М.А.Абукадыровалар жүргізді.

Сонымен қатар курс аясында ата-аналармен ынтымақтастық жұмыстарына да мән берілді. Мектеп формасына, құрал-жабдықтарына тағы басқа толғандырған сұрақтарына жауап берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: