"Балапан" лагері » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июнь
2022

"Балапан" лагері

     2021-2022   оқу жылының 1- маусымы күні мектеп жанындағы "Балапан" жазғы лагері жоспарға сәйкес өз жұмысын бастады.  Лагерге барлығы 173 оқушы  келді. Мектеп медбикесі  Ж.Тауасарова келген  оқушылардың әрқайсысының  дене қызуын өлшеп, денсаулықтарын тексерді.  Оқушыларға лагерь кезіндегі сақтық шараларын қалай сақау керектігі туралы ескертіліп айтылды.
 Мектеп басшылығы және лагерь қызметкерлерінің  қатысуымен "Балапан" лагерінің ашылуы салтантты түрде ашылды. Салтанатты жиынды   мектеп директоры Момынкулова А.З. оқушыларды жазғы демалысқа шығуларымен құттықтап, демалыстарының көңілді, пайдалы әрі сәтті өтуіне тілек айтты.  Мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары Курманбаева К.С. және Касенова Б.А. өз кезектерінде оқушыларды  жазғы демалыстың қызықты өтуіне ат салысуға шақырды. 
       Салтанатты жиын оқушылардың өнерлерін тамашалаумен және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  Жунусбекова Ж.Т.мен Милкина С.В.  ұйымдастыруымен өткен  флешмобпен  жалғасты.  
      Салтанатты жиыннан кейін оқушылар  бес топқа бөлініп, топ жетекшілерімен бірге әр топтың лагерь бұрышын безендіру, жеке дизайндарын шығару,топтың атауын, ұранын,белгісін, топ ережесін құрумен жалғасын тапты. Сонымен қатар  мектеп асханасы өз тарапынан лагерьге келген балаларды ыстық тамақпен қамтамассыз етіп, өз жұмыстарын жалғастыруда. Жоспарға сәйкес ір күнді қызықты өткізу мақсатында театрға, зообаққа, музейге, киноға барып, түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда.

 

 

 

 

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: