АИТВ\ЖИТСтен сақтан! » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2021

АИТВ\ЖИТСтен сақтан!

Ақпан айының 18-19 күндері Ә.Шәріпов ат.№16 ЖББМ оқушылар мен мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ-ның алдын алу, жасөспірімдер арасында жауапты мінез-құлық қалыптастару мақсатында «АИТВ\ЖИТСтен сақтан!» тақырыбында онлайн-кездесу өткізілді.
Іс-шарада қатысушыларды қалалык ЖИТС орталығының әлеуметтік дәрігері Дербисалиева Ансагуль Ерболқызы ақпараттандырып, аталмыш індеттің қауіптілігін, алдын алуды, сақтану жолдарын түсіндіріп өтті. Онлайн-кездесуге 5-11 сыныптың жетекшілері (18.02.2021ж), 9-11 сыныптың орыс, қазақ бөлімінде оқитын оқушылары қатысты (19.02.2021ж).
Сондай-ақ, оқушылар мен сынып жетекшілерге АИТВ-инфекциясының алдын-алуда пәрменді іс-қимыл жасау, сонымен қатар жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін айтты. «АИТВ/ЖИТС-деген не?, «АИТВ – қайдан шықты?, «Қандай жолдармен беріледі?» деген сұрақтарға тоқталып, республикалық, облыстық, аудандық тіркеуге алынған аурулар жайлы ақпараттар бере отырып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.Ақпан айының 18-19 күндері Ә.Шәріпов ат.№16 ЖББМ оқушылар мен мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ-ның алдын алу, жасөспірімдер арасында жауапты мінез-құлық қалыптастару мақсатында «АИТВ\ЖИТСтен сақтан!» тақырыбында онлайн-кездесу өткізілді.