«Біз болашаққа жауаптымыз» тақырыбындағы экологиялық білім беру апталығы » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біз болашаққа жауаптымыз» тақырыбындағы экологиялық білім беру апталығы
26
апрель
2021

«Біз болашаққа жауаптымыз» тақырыбындағы экологиялық білім беру апталығы

   Бүгін мектебімізде жалпыреспубликалық «Біз болашаққа жауаптымыз» тақырыбындағы экологиялық білім беру апталығы басталды. Мақсаты: адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы негізгі идеяларды, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын және экологиялық проблемаларды түсіну, жауапкершілік қалыптастыру. Апталықтың ашылуын 9 «А» сынып оқушылары Алияскарова Сабина мен Каирдинова Жанар ұйымдастырды. Онлайн өткізілген іс – шараға «Казгидромет» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы бойынша филиалының химия-сараптама зерттеулер бөлімінің басшысы Махметова Жанар Елтайқызы қатысты. Ол өз кезегінде мектеп оқушыларына табиғат пен адам арасындағ байланыс туралы, қоршаған ортаға қамқорлық, сыйластық көзқарасы туралы айтып өтті. Алматы қаласы бойынша ауа ластануының себептері, салдары жөнінде жасөспірімдерге дәйектер келтірді.
Шараны жүргізушілердің тарапынан мектеп оқушыларына апта бойына жасалатын жұмыстардың жоспары таныстырылып, ұсыныстар берілді.


 

 

 

 

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: