«Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу-тәрбие жұмысы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция. » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу-тәрбие жұмысы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция.
24
апрель
2021

«Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу-тәрбие жұмысы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция.

  2021 жылдың 24 сәуірі күні  «Ә.Шәріпов ат. №16 жалпы білім беретін мектебінде» «Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу-тәрбие жұмысы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцины ұйымдастыруда «Алматы дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» КММ инновация – педагогикалық технология бөлімі, Абай атындағы ҚазҰПУ «Мансап» орталығы, «№95 жалпы білім беретін мектебі» КММ қолдау білдірді.  Конференцияның негізгі мақсаты: қашықтықтан оқу кезіндегі оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы бойынша зерттеушілік, теориялық, практикалық жұмыстармен бөлісу. Педагог мәртебесін көтеру, пандемия жағдайында қолдау білдіру. Республика аумақтарындағы мектептермен желілік байланыс орнату, іс-тәжірибе алмасу.

Онлайн\оффлайн өткізілген шараға ел аумағынан жүзге тарта орта мектеп, колледж педагогтары өз жұмыстарын ұсынды. Жиын барысында ұйымдастырушылар мен педагог спикерлердің таныстырылымы арқылы оқу- тәрбие жұмыстары 6 секция бойынша талқыланып, ортаға салынды. Тәжірибелі ұстаздар атынан жылы лебіздер айтылып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірілді. Конференция өте жоғары деңгейде өткізілді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: