Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. » КГУ «Общеобразовательная школа №16 имени А.Шарипова»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239-92-60
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-74-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.
27
апрель
2022

Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.

Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау
немесе қудалау.
Дәл осы тақырып аясында 27.04.2022 жылы 10 сыныптар арасында пікірсайыс өтті.Оқушылар тақырыпты тыңғылықты зерттеу отырып, кеңінен ашып, себебі мен салдарларын түсіндірді.
Үкімет тарапы: « Адамдар неліктен басқа біреуді ренжіткісі келетінін айту қиын. Кейде өзіміз қаламасақ та, біреудің көңіліне келетін қылық жасап, сөздер айтып жатамыз. Телефон арқылы немесе интернетте адамды әдейі ренжіту, қорлау, оған жабысу оңай болып көрінеді. Ренішті хабарлама жіберу сондай оңай ғой! Бұны істеген адам басқаның жанын ауыртқанын сезбейді де.» деген пікірді лаға тартса, Оппозиция фракциялары: « Егер де сен интернет технологияларды біреуді әдейі ренжіту, қорлау немесе ызасын келтіру үшін пайдалансаң, онда бұл – кибербуллинг. Тіпті, сен біреу туралы ренішті постқа лайк бассаң да, немесе ренішті постты жіберсең, бұл да – кибербуллинг. Буллинге ұшыраған адам басқалардың оған қарсы біріккенін сезінеді» деген қорытынды оймен аяқталды.
Бүгінгі ойын Үкімет тарапының ойыншылары жеңіске жетуімен аяқталды.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: