09
февраль
2026
Жолда жүру ережелерін түсіндіру
Жолда жүру ережелерін түсіндіру. Әди Шәріпов ат.№16 мектеп-гимназиясында «Назар аударыңыз! Жаяу жүргіншілер!» тақырыбында 2-4 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Кездесуге Алмалы ауданы ПБ КПБ жедел уәкілі полиция ага лейтенанты Талғат Сұлтан Талғатұлы, Алмалы аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспектор полиция майоры, мектеп инспекторы - Симова Меруерт Оңласынқызы қатысып жол қозғалысына қатысу, көлік құралдарын пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шарада оқушыларға жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, арнайы жол белгілеріне мән беру, бағдаршамның түстерінен өтер кездегі мұқияттылық, сонымен қатар, қоғамдық көлікте жүріп тұрудың қарапайым ережелеін түсіндірді. Электронды, жай самокатпен орын алуы мүмкін оқиғалардың салдарын айтып, қауіптілігі туралы ақпараттандырды. Профилактикалық кездесуде жаяу жүргіншілердің құқықтары мен жауапкершіліктерін туралы кеңінен айтылды.



